жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 39)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқауына қатысуға әлемнің түкпір-түкпірінен вокалистер шақырылады. 2024 жылғы қыркүйекте Астанада аты аңызға айналған әнші Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқау өтеді. Бұл ауқымды мәдени шара ұлы орындаушының шығармашылығын насихаттауға, сондай-ақ ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің үздік дәстүрлерін жаңғыртуға, дамытуға бағытталған. Байқау талантты жас вокалистерді әлемге танытып, оларды қолдау үшін маңызды алаңға айналады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ақтөбеде «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасына қатысты сот үкімі шықты. Күдікті 312 үлескерге 2,9 млрд теңге шығын келтірген. №2 Ақтөбе сотында Б.Т.Каримов, А.М.Жарасхановқа қатысты Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, «Safina.kz» тұрғын үй кооперативінің төрағасы Б.Т. Каримов 2019-2022 жылдары аралығында аталған тұрғын үй кешені мен «СтройСервис-Регион» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлескерлеріне төрт көпқабатты үй салуға уәде етеді. Ол 312 үлескерден барлығы 2 933 352 400 теңге жинап, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастайды. Алайда жұмысты аяғына дейін жеткізбей, заңсыз тоқтатып тастаған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Орталық Азия елдері мен Әзірбайжан Президенттері кешкі ас ішуге жиналды.  Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан президенттерімен бірге мәртебелі меймандардың құрметіне ұйымдастырылған «Достық кеші» гала-концертін тамашалады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстандық ғалымдар Ватикандағы Апостол кітапханасының мұрағатына барып, бұрын қолжетімсіз болған материалдармен танысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. Министрдің айтуынша, үш жыл бұрын Қазақстанның Шығыстану институты мен Ватикан кітапханасы арасында келісімге қол қойылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл 2 тамызда Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ бұрынғы басқарма төрағасы О. Ағабековке қатысты үкім шығарды. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгеге ақша қаражатын жымқырғаны, көміртегі бірліктерін сатып алу-сату шартын тіркеуге жәрдемдескені үшін кәсіпкерден 35 млн теңге мөлшерінде пара алған.
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Жамбыл облысына барып, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыспен танысты.  Биыл сәуір айында партия бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында «Агросауат» агробіліктілік орталығы ашылды. Онда егін, құс және мал шаруашылығын жүргізуге қатысты теориялық және тәжірибелік курстарды ақысыз негізде оқыту жұмысы ұйымдастырылды. Тамара Дүйсенова бұл бастаманы жоғары бағалап, оны ары қарай кеңінен тарату мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып оқушылары және әлеуметтік осал топ санатындағы отбасы балалары бар.