АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы: Украина НАТО-ға мүше болады
"Украина НАТО-ға мүше болады. Саммиттегі мақсатымыз - оның альянсқа кіруіне көпір салуға көмектесу", - деді Энтони Блинкен Брюссельде одақтың құрылғанына 75 жыл толуында журналистерге, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, бұл мәселе шілде айында Вашингтонда өтетін саммитте талқыланады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы, сондай-ақ, НАТО-ға мүше елдердің Украинаға қолдауы «тастай берік» екенін атап өтті.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг де Украинаны ұзақ мерзімді қолдауға сендірді және одақ елдерін Киевке көмекті арттыруға шақырды.
Ал Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Федерациясы мен НАТО арасындағы қарым-қатынас «тікелей қақтығыс деңгейіне дейін сырғып кеткенін» айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: