Әлем17 қараша 2023, 13:30

АҚШ Ресейден мұнай тасымалдағаны үшін танкерлерге қарсы санкция салды

АҚШ Ресей Федерациясынан мұнай тасымалдағаны үшін танкерлерге қарсы санкция салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
  
Либерия туымен теңізге шығатын Kazan, Ligovsky Prospect және NS Century мұнай танкерлеріне «белгіленген шекті бағамен сатылған ресейлік мұнайды тасымалдағаны» үшін санкция берілді.
  
АҚШ Қаржы министрлігінің жаңартылған тізіміне осы кемелер байланысы бар компаниялар да кірді - БАӘ-де тіркелген Kazan Shipping Incorporated кеме компаниясы, сонымен қатар Либерияда тіркелген Progress Shipping Company Limited және Gallion Navigation Incorporated.
  
Financial Times қыркүйекте жазғандай, Ресей Федерациясы мұнай экспорты үшін танкерлердің «көлеңкелі флотын» құруға қол жеткізді және мұнай бағасының өсуінен үлкен пайда көруі мүмкін.
 
Киев Экономика мектебі (KSE) мамандарының бағалауы бойынша, Ресей 2023 жылы экспорттан 15 миллиард доллар көп пайда алуы мүмкін.

АҚШ танкерлер Санкция Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар