Байден ауруханаға жасалған шабуылдың ЦАХАЛ нұсқасын қолдады
Байден ауруханаға жасалған шабуылдың ЦАХАЛ нұсқасын қолдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильде сапармен жүрген АҚШ президенті Израиль армиясының палестиналық содырлардың Газадағы ауруханаға жойқын шабуыл жасағаны туралы нұсқасымен келісетінін айтты.
"Мен кеше Газа секторындағы аурухананың жарылысына қатты қайғырып, ашуландым. Ал менің байқағаным, мұны сіздер емес, екінші тарап жасаған сияқты", - деді Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуі кезінде.
Израиль армиясы бұған дейін аурухананың Газа секторынан атылған зымыраннан қирағанын айтқан.
Жалпы, Израиль армиясының мәліметі бойынша, 7 қазаннан бері Хамастың 450-ге жуық зымырандары Израильге қарай ұшырылған соң Газаға құлаған. ЦАХАЛ, әсіресе, әуе шабуылы кезінде сөзсіз болатын кратерлердің болмауына және жақын маңдағы ғимараттардың зақымдалғанына назар аударды.