БҰҰ мен ДДҰ Израильдің Хамаспен келісімін құптайды
БҰҰ мен ДДҰ Израильдің Хамаспен келісімін құптайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Антониу Гутерриш Израиль мен Хамас лаңкестік ұйымы арасында жасалған Газа секторындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімді «дұрыс бағыттағы маңызды қадам» деп атады.
Дегенмен, «бұдан да көп нәрсе істеу керек», - деп қосты БҰҰ Бас хатшысы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шайқастағы төрт күндік үзіліс Газа секторына көбірек гуманитарлық көмекті қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Бірақ қол жеткізілген келісімдер «бейбіт тұрғындардың қасіретін тоқтату» үшін жеткіліксіз», - деп атап өтті ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус. Ол Газа тұрғындарының «тұрақты», «қауіпсіз» және «жаппай» қолдау алуы үшін атысты тоқтату туралы үндеуін қайталады.
«Қалған кепілге алынғандарды босату бойынша күш-жігер жалғасуы керек және мен әлі де тұтқында болғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі керек екенін қайталаймын», - деп қосты Тедрос Гебрейесус.