Әлем2 қараша 2023, 1:00

БҰҰ миссиясы: Украинаның Гроза ауылында 59 бейбіт тұрғын қаза тапты

БҰҰ миссиясы мәлімдеуінше, Украинаның Гроза ауылында қаза тапқан 59 адамның барлығы бейбіт тұрғындар, шабуылды ресейлік әскерлер жасаған, - деп хабарлайды Arbat.media
 
Біріккен ұлттар ұйымының Украинадағы адам құқықтарын бақылау миссиясы жүргізген тергеу нәтижесінде осындай қорытындыға келді.

Миссияның баяндамасында қаза тапқандардың барлығы - 36 әйел, 22 ер және сегіз жасар бала - бейбіт тұрғындар және  кафеде немесе оның жанында әскери қызметкерлердің немесе басқа да заңды әскери нысандардың шабуыл жасайтындай белгі болмағаны атап өтілді.
 
Сондай-ақ құжат авторлары соққыға ресейлік әскерлер ұшырған «Искандер» баллистикалық зымыраны себеп болды деген қорытындыға келген.

Шабуыл кезінде соғыстың басында қаза тапқан Украина қарулы күштерінің әскери қызметкері Андрей Козырды дәмханада еске алып, ас беру шарасы өткізіліп жатқан.

Оқиғадан кейін Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя оқиға орнында украиндық сарбаздардың болғанын мәлімдеді.

Украина Гроза Шабуыл қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар