ЦАХАЛ: «Ислам жиһады» Газа секторындағы ауруханаға жасалған шабуылға жауапты
«Ислам жиһады» Газа секторындағы ауруханаға жасалған шабуылға жауапты, деп мәлімдеді ЦАХАЛ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль қорғаныс күштерінің X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесіне сәйкес, бұл лаңкестік топ «шабуылға ұшыраған сәтте ауруханаға жақын жерде» Израильдегі нысандарға зымыран оқ жаудырмақ болды.
«Бізге қол жетімді бірнеше дереккөзге сәйкес, сәтсіз ұшырылымға "Исламдық жиһад ұйымы" жауапты», - деді ЦАХАЛ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: