ЕО Кеңесі жеті елдің бюджет тапшылығына қатысты тергеуді бастады
Фото: Ardan Fuessmann/IMAGO
IMAGO
Әлем27 шілде 2024, 9:00

ЕО Кеңесі жеті елдің бюджет тапшылығына қатысты тергеуді бастады

Еуроодақ Кеңесі жеті елдің бюджет тапшылығына қатысты тергеуді бастады. Шамадан тыс бюджет тапшылығы бар елдердің қатарында Бельгия, Франция, Италия, Венгрия, Мальта, Польша және Словакия болды. ЕО ережелеріне сәйкес, рұқсат етілген шекті тапшылық ЖІӨ-нің 3 пайызын құраса, бұл елдердің бюджет тапшылығы өткен жылы 4 пайыздан асты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ең көп бюджет тапшылығы Италияда 7,4%.

ЕО Кеңесінің хабарламасынан осы жылдың қараша айында Еуропалық комиссия ЕО-ның жеті еліне «олардың тапшылығын түзету үшін тиімді шаралар қабылдау» туралы ұсыныс беретіні белгілі болды.

ЕО жеті ел бюджет тапшылығы Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар