ЕО Ресейге қарсы 12-ші санкциялар пакетін мақұлдады
Еуроодақ Ресейге қарсы 12-ші санкциялар пакетін мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мұнда мыналар кіреді:
▪️Ресей Федерациясынан гауһар тастарды, оның ішінде гауһар тасты зергерлік бұйымдарды әкелуге тыйым салу;
▪️Ресей мұнайына баға шектеуін сақтау бойынша шарасын күшейту - еуропалық компаниялар бағаның шекті деңгейін ұстанатындығы туралы дәлелдеме ұсынуы қажет;
▪️сұйытылған мұнай газын әкелуге тыйым салу - өтпелі кезең бір жыл;
▪️санкцияны айналып өтуге жол бермеу үшін үшінші елдермен ынтымақтастықты арттыру;
▪️литий батареяларын, термостаттарды, дрондарға арналған сервоқозғалтқыштарды, станоктарды, машина бөлшектерін және химиялық өнімдердің бірқатар санаттарын сатуға шектеу;
Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдайтын 140 жеке және заңды тұлға қара тізімге енгізілген.