Әлем20 маусым 2024, 18:00

Еуро-2024: Германияға келген шетелдіктер неге таң қалды

Еуро-2024-те шетелдіктер қоқыс, қолма-қол ақша, нашар интернет пен неміс жолдарындағы шұңқырларға таң қалды.  BILD шолушылары Ханс-Йорг Фелевальд пен Питер Тиде футболдан Еуропа чемпионатына келген шетелдіктерді таң қалдыратын Германияның ерекшеліктеріне шолу жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фелевальдтың пікірінше, әлемде әлі де 19 ғасырдағы «неміс ізгілігі» идеясы, оның ішінде ұқыптылық, тазалық, тәртіп және еңбекқорлық басым.

Шындығында, бұндай дүниенің құрып кеткеніне ұзақ жыл болған, бұған дәлел:

🔻Көшелердегі қоқыс пен үлкен қалалардың қабырғаларындағы граффитилер, сондай-ақ қараусыз қалған саябақтар.

🔻Қолма-қол ақша әлі де кең таралған, карта немесе смартфон арқылы төлем барлық жерде болмайды.

🔻Елдің көптеген бөліктерінде нашар интернет және тіпті ұялы байланыс жоқ.

🔻Жолдардағы шұңқырлар. Идеал неміс тректері туралы идеялар әсіресе Шығыс Еуропада кең таралған. Тіпті Германияның өзінде шұрық-тесік жолдарды көресің, әсіресе ауылдарда.

ЕУРО-2024 шетелдіктер Германия қоқыс

Тақырыпқа жаңалықтар