Еуроодақ Орталық Азияға ықпал ету үшін Ресеймен күреспекші
Еуропарламент ЕО-ның Орталық Азия елдеріне қатысты стратегиясын қайта қарау туралы қарарды қолдап дауыс берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Аймақтағы геосаяси жағдай өзгеруде және ЕО бұл мүмкіндіктерді пайдаланғаны дұрыс болар еді», - деп түсіндірді ЕО стратегиясы бойынша баяндаманың авторы, неміс парламентінің депутаты Карстен Люке DW-ге.
Оның пайымдауынша, Украинаға қарсы соғыс салдарынан Ресейдің оқшаулануы, болашақта Шығыс Еуропадағы ЕО-ның кеңеюі және Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалының күшеюі ондағы орныққан автократиялық ойыншыларға балама ретінде ЕО-ның аймақта белсенді қатысуын талап етеді.
Еуропарламент депутаттары Орталық Азия елдерімен экономикалық және саяси ынтымақтастықты нығайту Ресейдің аймақтағы ықпалына қарсы тұруға көмектеседі деп санайды.
Сондай-ақ, олардың пікірінше, бұл Ресей мен Беларусьқа қарсы салынған санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік береді.
Стратегияны қайта қарауды 543 парламентарий қолдап, 42-сі қарсы, 44-і қалыс қалды.