Әлем5 наурыз 2024, 14:56

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 30 534-ке жетті

ХАМАС бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күнгі баспасөз мәлімдемесінде Газа секторындағы палестиналықтардың Израильдің жалғасып жатқан шабуылдарынан қаза тапқандар саны 30 534-ке жеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады деп жазады Kazinform агенттігі.

Мәлімдемеге қарағанда, соңғы 24 сағатта 124 палестиналық қаза тауып, 210-ы жараланған.

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталған 2023 жылдың 7 қазанынан бері жалпы қаза тапқандар саны 30 534-ке, жараланғандар саны 71 920-ға жетті.

Ведомствоның атап өтуінше, бомбалаудан кейін кейбір зардап шеккендер үйінді астында қалған.

ХАМАС Газа секторы қаза тапқандар 30 534
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар