IDF: Израиль сарбаздары қателесіп Хамастың үш кепілгерін өлтіріп алды
Израиль сарбаздары қателесіп Хамастың үш кепілгерін өлтіріп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Газа секторының солтүстігіндегі Шеджая аймағында болды.
Онда Израиль қорғаныс күштері соңғы бірнеше күнде шабуылдау операциясын жүргізіп жатыр.
Ұрыс кезінде IDF қызметкерлері қателесіп үш ер адамды қауіп төндірді деп, оларға оқ жаудырған, кейінірек олардың ХАМАС содырлары 7 қазанда елдің оңтүстігіндегі кибутцимнен ұрлап кеткен үш израильдік екені белгілі болды.
Израиль қорғаныс күштері «болған жағдайға толық жауапкершілікті өз мойнына алды» және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Тиісті тергеу жүргізіліп, «оқиғадан бірден сабақ алынды», - деді IDF.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: