Кейт ханшайымның балалары ауруханада жатқан анасына бара алмай отыр
Кейт ханшайымның балаларына ауруханадағы анасына баруға рұқсат етілмейді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тоғыз күн бұрын 42 жастағы Уэльс ханшайымы Кэтрин (Кейт Миддлтон) іш қуысына операция жасады.
Содан бері ол көпшілікке көрінбей ауруханада жатыр.
Журналистер байқағандай, Кейтке жеке емханаға тек оның күйеуі, британдық тағының мұрагері ханзада Уильям келеді.
Олардың үш баласы Джордж, Шарлотта және Луиге анасымен кездесуге рұқсат етілмейді, олар тек желіде сөйлеседі.
Анасы мен балалар соңғы рет 25 желтоқсанда Рождестволық мерекеде көпшілік алдына бірге шыққан.
Анасымен кездесуге тыйым салу дәрігерлердің ұсынысынан болса керек.
Балалар палатаға инфекция әкелуі мүмкін, бұл ханшайымның әлсіреген денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Ол Пасхаға дейін барлық кездесу мен іс-шарадан бас тартты.
Сонымен қатар Лондон клиникасында өте қатаң ереже сақталады. Яғни балаларға науқасқа баруға рұқсат етілмейді.