Әлем18 қараша 2023, 11:00

Оңтүстік Корея ит етін жеуге тыйым салады

Оңтүстік Корея үкіметі 2027 жылға қарай Кореяда ит етін тұтынуды толығымен тоқтату үшін жылдың соңына дейін арнайы заң енгізуге келісті, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Бұл туралы The Korea Herald басылымы жариялады.

Президент әкімшілігі мен басқарушы партиясының өкілдері ит өсіру мен союға, сондай-ақ ит етін жеткізу мен сатуға тыйым салатын заң жобасын қарастыруға келісті.

Өз қызметін өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болатын кәсіпорындарға үкімет қаржылық қолдау көрсетеді.

Өткен жылы Кореяда тұтыну үшін ит өсіретін 3500-ге жуық ферма тіркелген.

Олар елдегі 3000-ға жуық мейрамхананы ит етімен қамтамасыз етеді.

Былтыр жүргізілген сауалнамаға сәйкес, елде 18 және одан жоғары жастағы адамдардың 64 пайызы ит етін жеу дұрыс емес деп санайды. 

Оңтүстік Корея ит еті тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар