Путин Еуроодақ азаматтары үшін виза алымын көтерді
Ресей президенті Еуропалық Одақ, Дания, Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария азаматтарына виза беруді жеңілдету туралы РФ-ның халықаралық шарттарының бірқатар ережелерінің қолданылуын тоқтата тұру туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл Ресей виза құны 35 доллардан 50-70 доллар шегіне дейін көтеріледі дегенді білдіреді, делінген түсіндірме жазбада.
Сондай-ақ заңның қабылдануына аталмыш елдердің бұған дейін Ресей азаматтарына жеңілдетілген виза беру ережелерін біржақты тоқтатып, алымды көбейткені айтылған.
ЕО-ның Ресеймен жеңілдетілген виза режимі туралы ережелерін уақытша тоқтатуы ресейліктер үшін алымның 35-тен 80 еуроға дейін өсуіне әкелді.
Сонымен қатар визаларды өңдеу ұзаққа созылып, өтініш берушілерге көбірек талап қойылуда.