Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді
Фото: Russian Defense Ministry Press Service/AP/picture-alliance
picture-alliance
Әлем12 қараша 2024, 13:34

Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді

Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді. Ресей президенті 2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың инаугурациясына дейін бір бөлігін Украина қарулы күштері басып алған Курск аймағын өз бақылауына қайтарғысы келеді, деп жазды британдық The Telegraph газеті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мұндай қадам Мәскеуге келіссөздерге, оның ішінде АҚШ-тың жаңа президентімен де күшті позициядан кірісуге мүмкіндік береді деп есептейді батыс дипломаттары.

Ресей армиясы 6 тамыздан бері украин әскерлері басып алған аумақтың жартысына жуығын бақылауға алып үлгерді, деп хабарлайды басылым.

Алдағы күндері Ресей Федерациясы шекара маңындағы жаңа ұшыру алаңдарын пайдалана отырып, ұшқышсыз ұшақтарды қолданып, Украина аумағына шабуылдарын күшейтуі мүмкін, деп жазады The Telegraph британдық әскери барлаудың талдауымен танысып.

Өз кезегінде украиналық сарапшылар Мәскеудің Курск облысындағы қарсы шабуылды пайдаланып, Украинаның шекаралас аймағы – Сумы облысына кіруге тырысатынын мойындап отыр.

Бір күн бұрын америкалық The New York Times газеті 50 мың адамнан тұратын ресейлік және солтүстік кореялық әскерлер тобы Курск аймағында қарсы шабуылға дайындалуда.

Оңтүстік Корея, АҚШ және Украинаның мәліметінше, соғысқа қатысу үшін КХДР-дан Ресей Федерациясына 12 мыңға дейін әскери қызметкер жіберілген.

Трамп инаугурация Курск қайтару Путин

Тақырыпқа жаңалықтар