Әлем23 қараша 2023, 11:26

ҚШ-Канада шекарасында көлік жарылып кетті

АҚШ-Канада шекарасында көлік жарылып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

АҚШ-Канада шекарасында, Ниагара сарқырамасы жанындағы Радуга көпірінде көлік жарылған.

CNN және Fox News 22 қарашада полиция қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлағандай, көліктегі екі адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың бір шекара күзетшісі жараланған.

Бірнеше ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тан Канадаға бет алған көлік қарсы жолақпен жоғары жылдамдықпен шекара бекетіне жақындаған.

ФБР тергеу жүргізіп жатыр.

UPD: ФБР мәліметі бойынша, көліктің жарылу себебі жол апаты болуы мүмкін.

АҚШ-Канада iшекара Жарылыс Көлік
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар