Әлем11 желтоқсан 2023, 9:39

Қытайда әлемдегі ең терең жер астындағы зертхана ашылды

Қытайда әлемдегі ең терең жер астындағы зертхана ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Қараңғы материя - қазір қарқынды зерттеліп жатқан ғылыми сала. Өйткені, көзге көрінетін материя Әлемнің шамамен 5%-ын ғана құрайды, ал 95%-ы қараңғы материя мен қараңғы энергиядан тұрады.

Бункердегі зертхана бөлмелері мен қондырғылар 2400 метр тереңдікте орналасқан. Бұл Камчатка жанартауларының биіктігінен асып түседі.

Зертхананың тым терең салынуы бекер емес: бұл жерде ғарыш сәулелерінің әсері жер бетінен 100 миллион есе аз және радиация деңгейі төмен. Мұндай «өте таза» кеңістік қараңғы материяны іздеуге қолайлы.
Сондай-ақ, зертханада бөлшектер физикасы, ядролық астрофизика және басқа ғылымдарды қамтитын пәнаралық зерттеулер жүргізіледі.

Қытайдың Цинхуа және Шанхай Цзяо Тонг университеттері ғалымдарының алғашқы 10 тобы ғылыми зертханаға түсіп, жұмысқа кірісіп кетті.

Ғылыми бункер Цзиньпин тауының астында орналасқан. Көлемі - 330 мың текше метр.

 Қытай қара материяны анықтауда біраз жетістікке жетіп үлгерді.

Қытай Зертхана жерасты

Тақырыпқа жаңалықтар