Әлем20 шілде 2024, 13:00

Ресей: Пианист Евгений Кисин «шетел агенті» деп жарияланды

Ресей Әділет министрлігі пианист Евгений Кисинді «шетел агенті» деп жариялады. Ведомствоның мәліметінше, музыкант «Украина қарулы күштеріне ақша аударып, шетелдік БАҚ-та Ресей билігінің шешімдері туралы жалған ақпарат таратқан», - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шетелдік агенттер» тізіліміне сонымен қатар:

▪️ Апостолдық православие шіркеуінің архиепископы және бард Александр Галичтің ұлы Григорий Михнов-Вайтенко

▪️ КГБ-ның бұрынғы офицері, видеоблогер Юрий Швец

▪️ Алексей Навальныйдың саратовтық бұрынғы одақтасы Дмитрий Цибирев

Бұл ретте «Құқықтық бастама» қоры таратылуына байланысты Әділет министрлігінің тізімінен шығарылды.

Ресей Әділет министрлігі Евгений Кисин шетел агенті
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар