Әлем3 шілде 2024, 15:00

Ресей соты Александр Невзоров пен оның әйелін «экстремистік бірлестік» деп таныды

Ресей Федерациясының соты Александр Невзоров пен оның әйелін «экстремистік бірлестік» деп таныды. Прокуратураның талап арызын Санкт-Петербургтің Октябрь аудандық соты қанағаттандырды. Ресейде Александр мен Лидия Невзоровтардың қызметіне тыйым салынды, деп жазады ТАСС, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ сот Невзоровтардың Ресей Федерациясының аумағындағы мүлкін мемлекет кірісіне айналдырды.

Оның ішінде үш жер учаскесі мен Лидияның анасының үйі бар, дейді адвокат Алексей Прянишников.

Айта кетсек, сәуір айында Невзоровқа қатысты «шетел агенті» міндетін атқарудан жалтару бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, мамыр айында Ресей Ішкі істер министрлігі журналиске іздеу жариялады.

Александр Невзоров Ресей соты экстремистік бірлестік Невзоровтың әйелі

Тақырыпқа жаңалықтар