Ресей соты Meta баспасөз хатшысын сырттай алты жылға соттады
Ресей Федерациясының соты Meta-ның баспасөз хатшысын сырттай алты жылға бас бостандығынан айырды. Мәскеудегі Екінші Батыс округтік әскери соты АҚШ азаматы Энди Стоунды «терроризмді ақтады» деп айыпты деп тапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Сот түрме жазасына қоса, Стоунға төрт жыл бойы интернет-ресурстарды басқаруға да тыйым салды.
Энди Стоун – Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджеріне иелік ететін америкалық Meta корпорациясының өкілі.
Стоунның жазасы Ресей Федерациясының аумағында ұсталған немесе Ресейге экстрадицияланған сәттен бастап есептелуі керек.
Ресей тарапының бұған нақты қалай қол жеткізгісі келетіні айтылмаған.
Ресей Федерациясында Meta «экстремистік ұйым» деп танылғанын айта кетейік.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: