Ресей Ходорковскийдің шотынан 1,4 миллиард рубльді тәркілемек
Ресей Ходорковскийдің шоттарынан 1,4 миллиард рубльді тәркілеуді қалайды. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы сот арқылы ЮКОС мұнай концернінің бұрынғы басшысы Михаил Ходорковский мен оның бизнес серіктесі, «Менатеп» компаниясының бұрынғы басшысы Платон Лебедевтің есепшоттарындағы ақшаны мемлекет кірісіне айналдыруды талап етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Интерфакс, ТАСС және РИА Новости ақпарат агенттіктерінің дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, әңгіме Траст банкіндегі шоттарда сақталған 1,413 миллиард рубль туралы болып отыр.
Сотта Ходорковский мен Лебедевтен басқа Сібір лизингтік компаниясының да аты аталған.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, талап арыз «бұрын сот белгілеген салықтық қылмыстардан келтірілген 17,4 миллиард рубль шығынның өтелмегеніне байланысты» берілген.