Ресейде рэпер Моргенштернге қатысты қылмыстық іс қозғалды
ФОТО: РИА Новости / Екатерина Чеснокова
RÏA Novostï
Әлем8 қыркүйек 2024, 21:49

Ресейде рэпер Моргенштернге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ресей Федерациясында рэпер Моргенштернге қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Артиске «шетелдік агент» міндетін орындамағаны үшін айып тағылып отыр, деп таратты РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомствоның хабарлауынша, Әлішер Моргенштерн әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт бойы арнайы плашкасыз материалдар жариялаған.

Ресей Федерациясында 2021 жылы елден кеткен рэпер екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, осыдан екі күн бұрын әнші Монеточканың үстінен дәл осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Моргенштерн Қылмыстық іс

Тақырыпқа жаңалықтар