Стамбулдағы Израиль елшілігіне шабуыл жасалды
Шабуыл жасағандар әскери киімде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар қолына автомат ұстап, арқасына сөмке асынып келген. Ғимаратқа басып кіруге тырысқан, алайда әрекеті іске аспады.
Террористер залалсыздандырылды. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері бар.
Мәліметке сәйкес, бір адам қаза тапқан. Қазір оқиға орнында тергеушілер мен прокуратура жұмыс істеп жатыр.
Reuters мәліметінше, Израиль консулдығы орналасқан ауданды әдетте қарулы полиция бақылауда ұстайды.
Түркияның әділет министрі бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.
Дереккөздердің айтуынша, қазіргі уақытта Түркия аумағында Израиль дипломаттары жоқ көрінеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: