Әлем16 сәуір 2026, 18:12

Түркия мектебіндегі атыс салдарынан тоғыз адам қаза тапты

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында орта мектепте атыс болып, тоғыз адам қаза тапты. 14 жасар оқушы өз сыныптастары мен мұғаліміне оқ жаудырып, артынан өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркия Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчидің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға салдарынан сегіз оқушы мен бір мұғалім көз жұмған.

Тағы 13 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, олардың алтауының жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Министр бұл оқиғаның лаңкестік әрекет емес, жеке араздық негізінде жасалған шабуыл екенін атап өтті.

түркия Мектеп Оқушы Атыс
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар