Әлем27 ақпан 2024, 16:00

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін мақұлдады

Венгрия парламенті Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін мақұлдады. Бұл шешімді Венгрия парламентінің 188 депутаты қолдап, алтауы қарсы шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Түркия да Швецияның альянсқа кіруіне қарсы болған, бірақ 2024 жылдың қаңтарында Анкара Стокгольмның өтінішін ратификациялады.

Швеция Финляндиямен бірге 2022 жылдың көктемінде НАТО-ға қосылуға өтініш берді, соңғысы 2023 жылдың сәуірінде альянстың мүшесі болды.

Венгрия парламенті Швеция НАТО мақұлдау
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар