Қазақстан жаңалықтары6 қыркүйек 2023, 12:39

1 қаңтардан бастап қанша адамның жалақысы көбейеді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Барлық саладағы меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджет қызметкерінің ақшалай табысы көбейеді, деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты. Бұл ретте жұмыскердің жалақысы оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай қалыптастырылады.

Қазақстан төменгі жалақы жалақы 85 мың

Тақырыпқа жаңалықтар