1 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: Боран, жел және жаңбыр
«Қазгидромет» болжамынша, 1 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, қар және боран күтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Осыған байланысты 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Астанада құбылмалы бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы түнде −10…−14°C, күндіз −7…−9°C шамасында.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты болып, кешке жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз 0…+2°C болады.
Шымкентте де құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнгі температура +5…+7°C, күндіз +6…+8°C дейін көтеріледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: