2-4 сынып оқушыларына баға қою тәртібі өзгереді
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4 сынып оқушылары жаңа тәсілмен бағаланады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ал 1-сыныпта баға қойылмайды, тиісті тәртіп өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Негізгі өзгерістер:
Формативтік бағалаудың үлесі артады. Оның тоқсандық бағадағы үлесі бұрын төрттен бір бөлігін құраса, енді теңбе-тең болады. Формативтік бағалау 1-ден 10 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі. Бұрын тек үй жұмысына немесе бір тапсырманы жақсы орындағаны үшін бірден бағаланып келген.
Аралық бағалау енгізіледі. Ол әр бөлім аяқталғаннан кейін өткізіліп, сол бөлім бойынша қорытынды жұмыс болады.
Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді. Жаңа тәртіп бойынша әр бөлімнің соңында аралық бағалау жүргізіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: