"20 миллионыншы тұрғын". Астанада флешмоб өтті
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені аталып өтуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
Астана жастары да сырт қалмай, 20 саны түрінде сап түзеп, Мемлекеттік туды желбіретті. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты жариялады.
Іс-шараға барлығы 200 волонтер қатысты.
Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған 5 шақалақ Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі қыз балалар. Барлығы да 14 қараша күні, таңғы сағат 8.10-да туған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: