“24 жаста”: Енесі келінін мылтықпен атып тастады

Әзербайжанның Гёранбой ауданында әйел адам жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Дейирманлар ауылында тіркелген. Алынған мәліметке сәйкес, 2001 жылы туған Назрин Худәвердиева ауыр халде іш аймағынан алған жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға абайсыздықтан болған. Белгілі болғандай, оқ жас келінге пневматикалық винтовкадан оқыс атылған оқ нәтижесінде тиген. Бұл кезде винтовка оның енесі — 1968 жылы туған Гюльханым Худәвердиеваның қолында болған.

Аталған факті бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ене келін оқ атты

Тақырыпқа жаңалықтар