80-нен асқан кейуананы буындырып, тонап кеткен
Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды.
Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны қылғындырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.
28 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде 1978 және 1989 жылы туған Алматының екі тұрғыны ұсталды.
Олар өз қылмысын толығымен мойындаған.
Полиция қызметкерлері істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындады.
Тергеу жүріп жатыр.
Ұсталғандардың осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: