Абай облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті
Абай облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Аружан Саржанға іздеу салды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қыз 13 қазанда кешке үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Туыстары полицияға арыз жазған. Ол Семейден кетіп қалуы мүмкін деген болжам бар.
"Із-түзсіз жоғалып кеткен Саржан Аружан Ануарқызын (26.06.2012 жылы туған) іздеуге жәрдемдесуді сұраймыз. 2025 жылғы 13 қазанда ол Бородулиха ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз", – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Абай облысының Полиция департаменті жоғалған қызды іздеу бойынша тұрғындарға үндеу жолдады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: