Абай облысында биыл cәбилерге қандай ерекше есімдер қойылды
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2024, 12:00

Абай облысында биыл cәбилерге қандай ерекше есімдер қойылды

Абай облысында жыл басынан бері 4000-нан астам бала дүниеге келген. Олардың кейбіреулеріне ерекше есім қойылған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ Абай облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша биыл 4000-нан астам бала туған. Қыз балалар арасында ең танымал есімдер - Томирис, Айлана, Аруна болса, ұлдар арасында Ханторе, Арсен және Айбар есімдері алдыңғы қатарға шықты. Бұл есімдер жаңа туған нәрестелерге 20-дан астам рет қойылған. Кейбір ата-ана балаларына ерекше ат қойған. Мысалы, Румайса есімді қыз және Ильдан есімді ұл бір рет қана тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Еске сала кетейік, нәрестенің тууын тіркеуге өтініш берудің бірнеше жолы бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Атап айтқанда, ХҚКО немесе электрондық үкімет порталы арқылы. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы.

Бұдан бөлек, азаматтар бұл қызметті проактивті форматта ала алады. Яғни, жаңа туған нәрестенің анасына 1414 нөмірінен қызметті көрсетуге қажетті ақпарат сұралған құттықтау SMS жіберіледі», - делінген хабарламада.

Абай облысы сәбилер ат қою жаңа туған

Тақырыпқа жаңалықтар