Қазақстан жаңалықтары4 желтоқсан 2023, 10:00

Адам өлімі. Қарағандыда науқасқа аллергиясы бар дәрі салған

Қарағандылық дәрігерлер 40 жастағы науқастың өліміне айыпталуда, себебі ер адамға аллергиясы бар дәрі егілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Төрежан Мақашев жоспарлы операцияға жатқызылған. Ол дәрігерлерді Цеф-3 және новокаин препараттарына қатты аллергиясы барын ескерткен.

Туыстарының айтуынша, Төрежанның білегіне арнайы көк жапсырмасы бар білезік тағыпты, бұл препараттарға аллергия бар екенін көрсетеді. Бірақ мейірбике оған мән бермей дәрі еккен. Науқаста анафилактикалық шок тез дамып, оны құтқару мүмкін болмады. 

«Дәрігерлер немқұрайлығы мен біліктілігінің төмендігінен ағамды өлтірді. Олар операцияны да бастамаған! Науқаста Cef-3-ке қатты аллергиясы бар екенін біле тұра, бұл инъекцияны қалай жасауға болады? Дәрігерлер оған назар аудармаса, несіне білезік кигізеді?! Сонда олар жоспарлы науқастарды бірінен соң бірін тоқтаусыз, барлығына бірдей стандартты түрде дәрі бере сала, отаға жібере беретін болып тұр ғой! Әр адамның өзіне тән ерекшелігі, ауруы, әртүрлі жеке аллергиялық реакциясы болатынын ескермей ме? Ағам жоспарлы операцияға барған, бірақ дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмды», - дейді марқұмның туысы Арман Мақашев.

Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын, облыстық денсаулық сақтау басқармасының  тексеруі аурухана жұмысында заңбұзушылықтарды анықтағанын хабарлады.

Қарағанды дәрігерлер науқас аллергия

Тақырыпқа жаңалықтар