Айзат Жұманованың өлімі бойынша күдікті 14 жылға сотталды

Талдықорғанда 32 жастағы Айзат Жұманованың кісі өлтіру ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот оның күйеуі Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес, сотталған азаматтан:

20 миллион теңге – моральдық зиян;

1,7 миллион теңге – адвокат қызметіне кеткен шығындар өтелетін болды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылы 22 маусымда болған. Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас күйінде үйінің маңында әйелін ұрып-соғып, тепкілеген. Әйел тоқтатуды сұраған. Десе де күйеуі ұрып-соға берген. Айзат есінен танып қалса да ұруды жалғасырған.

Сот отырысында куәгерлердің айғағы мен айыпталушының кінәсін растайтын сараптама қорытындылары ұсынылды. Сот-медициналық сарапшылар жарақаттардың өмірге қауіп төндіргенін мәлімдеді. Осылайша Айбар Жанболатқа "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды.

Талдықорған өлім сот Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар