Қазақстан жаңалықтары18 қаңтар 2026, 13:40

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау министрлігінен қаржы министрлігінің қарамағына беріледі

Үкімет жүргізген талдау әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметінде жүйелі заңбұзушылықтар бар екенін көрсетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Медициналық ұйымдарда бір қызмет үшін МӘМС пен ерікті сақтандыру есебінен қосарланған төлемдер жасалған, жалған пациенттер тіркелген, қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсетілген.

Тексеру барысында кейбір дәрігерлердің бір күнде жүздеген адам қабылдағаны, пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтер мен балаларға шамадан тыс дәрі жазу фактілері де анықталды.

Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов ӘМСҚ-ны қаржы министрлігіне беруді тапсырды.

Барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданады, ал денсаулық сақтау саласында тәртіп орнату үшін толық цифрландыру жүргізіледі.

Үкімет отырыс Министрлік Қаржы
Бүгін, 10:43 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 21:20 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:20 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар