Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Внуково-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: