Қазақстан жаңалықтары25 шілде 2024, 16:23

Алматы облысы: Екі қызын жылдар бойы зорлап келген

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше жыл бойы екі қызына зорлық жасап келген ер адамға үкім шығарды.Сотталушы Ц. 2010 жылдан 2023 жылға дейін кәмелетке толмаған қыздарына нәпсіқұмарлық сипатта күш қолдану арқылы зорлық-зомбылық жасап қорлаған. Қылмыстың жай-жапсарын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан іс жабық сот отырысында қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Прокурор күдіктіні Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі, 124-бабы, 120-бабының 3-1-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танып, 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Ер адам соңына дейін өз кінәсін мойындамады.

Бірақ оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен дәлелденді.

«Сот үкімімен азамат Ц. жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады Алматы облысы сотынан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, бұл оқиға былтыр әшкере болған. Апалы-сіңлілі екі қызға туған әкесі жылдар бойы азғындық жасап келген. 11-12 жасынан зорлыққа ұшыраған олар бір-бірінің басындағы жағдай туралы білмеген. Қыздардың бірі үйінен қашып кетпейінше, аналары да бұл сұмдықтан бейхабар болған. Былтыр жазда Алматы полиция департаменті іс қозғады.

Алматы облысы екі қыз Зорлық Әке

Тақырыпқа жаңалықтар