Қазақстан жаңалықтары1 қараша 2023, 9:30

Алматы облысында 5 жасар қыз зорланды

Алматы облысының клиникалық ауруханасына жол апатынан зардап шеккен бес жастағы қыз жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты өңір әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

 Дәрігерлер тексеру кезінде жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған.

31 қазан күні зорлық-зомбылыққа қарсы «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі өз парақшасында зорланды деген күдікпен Алматы облысының балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген кішкентай қыз туралы жазба жариялады.

Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі түсінік берді.

«Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты дереу тексеріп, медициналық мекемеге жедел-тергеу тобын жіберді. Анықталғандай, 28 қазан күні жол апатына түскен 5 және 7 жастағы екі бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Қазір олар травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Жандарында анасы бар. Анасы балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері фактісін жоққа шығарды»,- деп хабарлады облыстық әкімдіктен.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі, дәрігерлер медициналық тексеру жүргізгенін атап өтті. Жыныстық сипаттағы әрекеттерге тән жарақаттардың жоқтығы белгілі болды.

«Сонымен бірге, Алматы облыстық Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жарияланымда көрсетілген фактіге қатысты арыз түскен жоқ»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы облысы 5 жасар қыз Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар