Алматы облысында сарбазды аспанға оқ атып қарсы алғандар ұсталды
Алматы облысында әскерден оралған жігітті тапаншадан оқ атып қарсы алды.Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Кадрдан сарбазды туыстары күтіп алғанын көруге болады. Бір кезде жанындағы екі ер адам аспанға оқ атады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Қарасай ауданы Көксай ауылында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуір күні Қарасай ауданының Көксай ауылында оқ атқан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті ұстап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», - деп хабарлады департаментен.
Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.
«Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ведомстводан.