Қазақстан жаңалықтары30 сәуір 2024, 12:55

Алматы облысындағы мектепте оқушы қыз қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде 10 жасар оқушы қыз сабақ үстінде көз жұмды. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ведомство мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектепте 2014 жылы туған 4-сынып оқушысы қайтыс болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандарының әрекетіне қарамастан мектеп оқушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы облысы оқушы қыз қайтыс болды Мектеп

Тақырыпқа жаңалықтар