Алматы облысындағы жол апатынан филиппин туристі қаза болды

Алматы облысында Көлсай көлі маңында болған жол апатынан филиппин туристі қаза болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алматы облысының Кеген ауданы, «Көлсай көлдері» ұлттық паркі аумағында болған жол апатынан шетелдік турист көз жұмды.

Гидтің айтуынша, туристерді Саты ауылының тұрғыны тауға тасымалдап жүрген. Ол филиппиндік қонақтарды Қайыңды көліне алып бара жатқан кезде Toyota Sequoia көлігі аударылып кеткен.

«Жүргізуші жылдамдықты асырған, қарсы бағыттан жүк көлігі шыққан сәтте рөлге ие бола алмай қалған», — деді гид.

Алайда Алматы облыстық ПД бұл ақпаратты нақтылап, бір адамның оқиға орнында қаза тапқанын, тағы бесеуі түрлі жарақат алып, аудандағы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облыс Көлсай турист
Кеше, 17:05 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 18:31 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:48 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар