Алматы – Қорғас трассасында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында тіркелген, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізілуде. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда", – делінген хабарламада.

Жол апаты Алматы Марқұм сот

Тақырыпқа жаңалықтар