Алматы тауларында 20 жастағы студентті тас басып, мерт қылды

Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында таудан тас құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқыс оқиға болған кезде сауықтыру кешенінің аумағында демалушылар болған.

Бірі оқиғаның салдарын видеоға түсіріп, тас құлаған кезде жуыну орнында болғанын, бірақ қашып үлгергенін айтады.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тастың құлауына толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін, дейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында адамның мәйіті табылғанын хабарладық. 

Алматы тас Қаза қыз

Тақырыпқа жаңалықтар