Қазақстан жаңалықтары10 қаңтар 2024, 12:42

Алматы тауларында бәйшешек гүлдеді

2024 жылдың қаңтары Алматы тұрғындары үшін өте жылы және қарсыз болды. Фотограф Дмитрий Доценко қыс мезгіліндегі көктемгі гүлдердің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады. Ал видеоны фотограф өзінің Instagram парақшасында жариялады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Дмитрий Доценко / Фотограф Алматы (@dots_foto)

«Қыс ортасы. 9 қаңтарда Алматыда бәйшешек гүлдеді. Мен желтоқсанда гүлдердің бүр жарып жатқанын түсіргенмін, олар қаңтарда гүлдеді. Әдетте олар ақпан айында гүлдеуші еді», деп жазды фотограф.

Сондай-ақ ол Алматының таңғажайып қала екенін атап өтті.

«Гүлдер бізді қыс бойы қуантқалы отыр. Тау бөктерінде Алатау шафраны, ал қала маңындағы бақтарда галантустар пайда болды. Алматы − ғажайып қала», деп жазды Д.Доценко. 

 

 

Алматы тау бәйшешек

Тақырыпқа жаңалықтар