Алматыда 12 ер адам күзетші мен бір тұрғынды ұрып-соқты

Алматыда 12 ер адам күзетші мен бір тұрғынды ұрып-соқты, деп хабарлайды Arbat.Media.

5 қарашаға қараған түні Алматыдағы «Каспий» тұрғын үй кешенінде жанжал туындап, жаппай төбелес шықты. Куәгерлердің сөзінше, шамамен 12 адам кешеннің күзетшісіне және бір тұрғынға шабуыл жасаған. Қақтығыстың нақты себебі әзірге анық емес.

Алматы полициясы бұл деректі растады. Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркелді. 6 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы полиция Төбелес күзетші

Тақырыпқа жаңалықтар