Алматыда 12 жастағы қызды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 12 жастағы қызды қағып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында болған. Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі Исиналиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 12 жастағы қызды қағып өткен. Қыз бала жарақат алғанымен, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Оған медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді.
Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: