Қазақстан жаңалықтары26 ақпан 2026, 17:44

Алматыда 180 мың вейп тәркіленді

Алматыда электронды темекілерге тыйым салынғанына қарамастан, вейптердің заңсыз саудасын ұйымдастырғандар анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура мәліметінше, тыйым күшіне енгеннен бері қалада вейптердің заңсыз айналымының ондаған дерегі анықталған. Күдіктілер Telegram-арнасы арқылы сатқан. Өнімдер қоймаларда және жасырын орындарда сақталған.

Тергеу барысында 180 мыңнан астам вейп тәркіленді. Олардан түсуі мүмкін табыс 1 миллиард теңгені құрайды.

Күдіктілердің 347 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне шектеу салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Алматы заңсыз темекі вейп
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
9 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар